«AMANAT»

Азық-түлік бағасын бақылауға алды

Amanat партиясы облыстық филиалы мен Өскемен қалалық филиалы жанынан құрылған азық-түлік бағасын сараптау жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар сауда орнында болып, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын, сапасы мен қорын бақылады.

Мониторингтік топ құрамында партия жанындағы қоғамдық кеңестің, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары бар.

Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажет өнімдердің жеткілікті екені анықталды.

Топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік өнімдеріне 15 пайыздан артық үстемеақы қоспау бойынша үкімет қаулысын түсіндірді. Сонымен қатар бағаны тұрақты ұстау қажеттілігі айтылып, бағаны негізсіз көтергендер жауапқа тартылатыны ескертілді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына бақылау мен талдау жүргізіліп тұрады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button