Әлеумет

Ажырасудың басты себептері не?

Жұбайына немесе балаларына қатысты зорлық-зомбылық, маскүнемдік пен нашақорлық, құмар ойындарға әуестік, опасыздық және дәстүрлі емес жыныстық бағдар. Қазақстандағы ажырасулардың негізгі себептері осылар.

«Қазақстандық отбасылар 2022» әлеуметтік сауалнамасы қорытындысы шығарылды. Астанадағы Отбасы институты зерттеу орталығының жетекшісі Жұлдыз Батталова сауалнамалар нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда ажырасудың негізгі бес себебі анықталғанын айтты. Олардың ішінде бірінші орында ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнемдігі немесе нашақорлығы тұр.

Бұдан кейін отбасында жұбайына немесе балаларына зорлық-зомбылық көрсету және опасыздық. Ерлі-зайыптылардың бірінің құмар ойындарға әуестігі де ажырасудың негізгі себептерінің бірі болып отыр.

Сауалнама арқылы белгілі болғандай, ажырасудың басты себебі ретінде ерлі-зайыптылардың біреуінің дәстүрлі емес жыныстық бағдары да көрсетілген.

Сауалнама көрсеткендей, соңғы жылдары елде некеге отыру көрсеткіші төмендеген.

Жамал Ермен

 

 

Осы айдарда

Back to top button