Мәдениет

Ғажайып қылқалам

Ғажайып қылқалам


Қыркүйек айынан бастап Семейдегі барлық мектеп, балабақшалардан жиналған суретші балалар Абай атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың «Ғажайып қылқалам» үйірмесіне жазылған еді. Әр апта сайын бұл жерде сурет салудың қыр-сыры үйретілетін болды. Осы жолы жас дарын иелері пуантилизмді меңгерді.

-Пуантилизм дегеніміз – көркем сурет салудың бір бағыты, – деп түсіндірді кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің басшысы Айгүл Жүнісова, – мұнда балалар мақта таяқшасымен сурет салады. Мақта таяқшасымен сурет салудың негізі ертеде жатыр. Біздің бабаларымыз таяқшаның басына жүн орап алып, тау-тасқа сурет салған.

Сурет салу – кішкентай балаларды өнерге баулудың бір түрі. Оқушылар үйірмеге әр жұма сайын қуана-қуана келеді екен. Үйірменің жұмысына кейде еріктілер де келіп көмектесіп жатады.

-Маған сурет салған ұнайды,-деді кішкентай Марина Алексеева,-мен суретке анамды, әкемді және әпкемді салдым. Менің суретім «Біздің отбасы» деп аталады. Біздің отбасының мүшелері мені жақсы көреді. Біз – бақытты отбасымыз.

Абай атындағы кітапхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Айгүл Жүнісованың айтуынша, ата-аналар осындай үйірмелерге балаларын бергені дұрыс. Баланың ой-қиялы дамып, шығармашылығын жетілдіруге толық мүмкіндік бар.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button