Ақжалдың алтыны жаңаша игерілмек
Жарманың қойнауы алтынға бай. Осы өңірдегі қазба орындарының бірі – Ақжал кенішінің бай қоры көп жылдар ел игілігіне жарап келді.
Бірақ Ақжалдың ажары бүгінде айтарлықтай емес. Дүркіреген тау жұмыстары тоқтап, негізгі шикізат өндіретін фабриканың жұмысы тұралап тұр. Бұл өз кезегінде жергілікті ауылдың әлеуметтік ахуалына кері әсерін тигізіп, кеншілер ауылы қайласын тасқа соєып, іргесі сиреп отырєан жайы бар.
Аудан әкімі Нұрлан Сыдықов тау-кен саласының маманы ретінде кенді өлкенің өрісін кеңейтуге көп мән беріп келеді. Бұл іс нәтижесіз емес. Жергілікті кәсіпорын енді үлкен жобаны жүзеге асырмақ ниетте. Аудан әкімінің төраєалыєымен өткен үдемелі индустриялық – инновациялық дамуды үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «АС Горняк» ЖШС-нің көміртекті кеннен алтын,күміс ерітіндісін өндіретін тәжірибелік металлургиялық зауыт салу жобасы таныстырылды. Тәжірибелік зауыт жылына 250 тонна кенді өңдейтін болады.
– Біздің ауданда үдемелі индустриялық – инновациялық даму баєдарламасы шеңберінде бірталай жұмыстар жүргізілуде. Егер облыс бойынша 2016 жылдың 1-қаңтарына 76 жоба құрылєан болса, оның үшеуі біздің өңірден. Яєни, оєан «Қазақцемент» ЖШС, «Бақыршық кен байыту кәсіпорны» ЖШС және «Теньши» ЖШС жобалары енген болатын. Үстіміздегі жылы Индустрияландыру картасына енуге Ақжал ауылында «АС Горняк» ЖШС тәжірибелік зауыт салуға ұсыныс білдіріп отыр. Бұл жоба толық іске асса, ауданның экономикасына серпін беріп, Ақжал ауылының әлеуеті артары сөзсіз,- дейді аудан әкімі.
«АС Горняк» ЖШС менеджері Әнуар Бейісов «Алтын Қалба» атауымен өз бастауын алєалы отырєан ауқымды жобамен таныстырды. Жалпы құны шамамен 8 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба үстіміздегі жылы басталып, 2020 жылы зауыт алєашқы өнімдерін өндірмек. Кәсіпорын өз қаражатына салєалы отырєан тәжірибелік зауыт толық қуатына енсе, жылына шамамен бір мың келіге жуық алтын өндіретін болады.
– Елімізде алтынєа бай кен орындары көп. Бірақ кен құрамында күшәлә болєандықтан, экологиялық тұрєыда зиянды заттан арылту көптеген кәсіпорындардың технологиясында жоқтың қасы. Осының салдарынан кен игерусіз қалып жатыр. Осы күрделі істі «ВНИИЦВЕТМЕТ» ЖШС-нің мамандары қолєа алып, кен құрамынан күшәләні бөліп алу технологиясын жүзеге асырды. Бөлініп алынєан күшәлә арнайы орындарда күйдіріліп, залалсыздандырылады. Яєни, жаңа тәжірибелік зауыт осы озық технологияны игере отырып, өнім өндіреді. Мұнда қауіпсіздік шараларына барынша көңіл бөлінген, – дейді кәсіпорын өкілі Әнуар Бейісов.
Маманның сөзіне сүйенетін болсақ, құрамында күшәләсі бар кен жаңа техологиямын салынатын зауыттан қайта өңделетін болады. Яєни, игерусіз жатқан кен құрамы тазартылып, байытылып, алтыны бөлініп алынбақ. Ал күшәлә арнайы пештердің көмегімен толыєымен залалсыздандырылады.
Төрт жылєа жобаланєан құрылыс жұмыстарына шамамен 200-ге жуық адам тартылатын болса, ал зауыт іске қосылысымен 443 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Бұл – кеншілер орналасқан Ақжалєа үлкен серпін.
Комиссия мүшелері жоба төңірегінде өздерін толєандырєан бірқатар сауалдарды талқыєа салды. Мәселен, зауыт жұмысына қажетті шикізат көлемінің қанша мерзімге жеткіліктілігі және бөлініп алынатын зиянды күшәләні жойып, залалсыздандыру төңірегінде әңгіме болды.
Кәсіпорын өкілі барлық зерттеу жұмыстарының қорытындысы шыєарылып, 15 жылєа жететінін, 15 тонна алтын қоры бары нақтыланєандыєын жеткізді. Ал зиянды затты Семей қаласының «Балапан» учаскесіндегі зиянды қалдықтар полигонына орналастыру жөнінде келісім жұмыстарын жүргізу көзделіп отырєандыєын айтты.
Сонымен қатар, Ақжал ауылының әлеуметтік ахуалына ден қою жайында да бірқатар ұсыныстар айтылды. Олардың ішінде жас мамандарды кәсіпорын есебінен оқытып, даярлау жайы да қозєалды.
Игерусіз кенге ие табылып, игілікке жаратуды көздейтін заманауи әрі экологиялық тұрєыда барлық қауіпсіздік шаралары толыєымен ескерілген зауыт жобасы мақұлданды. Маңызды іс ел игілігіне жарап, аудан экономикасының асыєы алшысынан түсер уақыт алда деп білеміз.
Мейірхан Оспанбаев
Жарма ауданы.