Азаматтарға зейнетақысының біраз бөлігін жаратуға мүмкіндік беріледі
Қазақстанның әлеуметтік кодексі салымшылардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейтеді.
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Енді азаматтар белгіленген жеткіліктілік шегінен асатын Зейнетақы жинақтарын тек емделуге және тұрғын үй сатып алуға ғана емес, зейнетақы жинақтарының 50% – дан астамын активтерді басқару жөніндегі компанияларға беру құқығы беріледі, – деп түсіндірді Дүйсенова Үкімет отырысында.
Ол үшін алдымен жинақтаушы қорға жүгініп, өтініш жазу керек. Оның айтуынша, инвестициялық компаниялардың тізімін БЖЗҚ сайтынан алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа әлеуметтік кодекс күшіне енеді.
Ынтымақ Толқын