Мәдениет

Айыртауда өткен айрықша шара

Айыртау ауылдық клубында Халық қаһар-маны, КСРО-ның Халық әртісі Роза Бағлано-ваның туғанына 90 жыл толуына орай «Ғасырдың дара тұлғасы» атты музыкалық кеш өтті.

Айыртауда өткен айрықша шараОнда көрермен назарына әнші өмірінің жарқын беттері фотокөрме арқылы ұсынылып, клуб мең-герушісі К.Молқыбаева жиналғандарды дарынды әншінің шығармашылығымен таныстырды.

Кеш барысында клубтың музыкалық жетекшісі Ә.Қайырхановтың басшылығымен әншінің әндерінен концерттік бағдарлама дайындалып, айыртаулық «Әжелер» тобы ол шырқаған «Ақ маңдайлым», «Сұлу қыз», «Ахау, керім», «Еркежан», «Ақ сұңқар», «Сәулем, сәулем», «Ах, Самара қаласы» сынды көпшілікке танымал әндерді нақышына келтіре орындады.

Н. Сейітбақова
Ұлан ауданы

Осы айдарда

Back to top button