Қоғам

Айқындалған міндеттерді мүлтіксіз орындаймыз

Айқындалған міндеттерді мүлтіксіз орындаймыз
Шығысқазақстандықтар Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына үн қосып, онда айтылған басым бағыттарды зерделеуге қатысты ой-пікірлерін білдіріп жатыр.

Қайырхан ЖАДРИНОВ, еңбек ардагері, Солоновка ауылы, Катонқарағай ауданы:

– Мен жыл сайын Елбасымыздың Жолдауын асыға күтіп, онымен мұқият танысып, іске асырылып жатқанына қуанып отырамын. Жолдауда ауыл шаруашы-лығы саласын одан әрі дамыту жөнінде айтылғаны ауылдықтарға үлкен серпін береді. Елбасымыздың фермерлік кооперация, ауылшаруашылық жерлерді мақсатты пайдалану, шаруашылықтарға өз өнімдерін ешқандай кедергісіз сату және оларды қаржы-ландыру бойынша жағдай жасап, арнайы сауда орындарын ашу, жеміс, май және азықтық өнімдердің өндірісін нығайту жөнінде айтқаны, Үкіметке тапсырмалар бергені ауыл шаруашылығына көрсетілетін нақты қолдау деп есептеймін. Осыған орай, Жолдауды іске асыру аясында біздің ауылшаруашылық құры-лымдары жақсы еңбектенеді деп сенемін.

Өмірбек ТӨЛЕМБАЕВ, К.Нұрбаев атындағы орта мектептің мұғалімі, Тарбағатай ауданы:

– Елбасы Жолдауында жыл сайын ғылым мен білім саласына ерекше көңіл бөліп отырады және осы салаға салынып жатқан қаржы да қомақты. Қазір ауыл мектептері әлемдік білім стандартына бейімделіп келеді. Жолдауда ауылдарға жаңа үлгідегі мектептердің салынатыны айтылды. Үш тілді тереңдетіп оқыту, 12 жылдық оқу бағдарламасына көшу – бұл болашаққа бағдар. Елбасы,
әсіресе, ауыл мектептеріне айрықша көңіл бөліп келеді. Мәселен, біздің мектепте түрлі озық үлгідегі кабинеттер бар, толығымен компьютермен жабдықталған, балаларға да, ұстаздарға да барлық жағдай жасалған. Осының нәтижесінде мек-теп оқушылары республикалық, халықаралық білім жарыстарына қатысып, жүлдемен оралуда. Ал түлектеріміз әлемнің беделді оқу орындарында білім алып жатыр. Мұның барлығы Елбасының ұдайы қамқорлығының арқасында деп білемін.

Гүлмира ҚАРЫМБАЕВА, Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы:

– Жолдауда Елбасымыз басты мақсат – Қазақстанның дамы-ған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы екенін, оған апаратын жол «Мәңгілік Ел» жобасы екенін айтып өтті. Президент 2050 жыл-ға дейінгі кезеңді жеті бесжылдыққа бөле отырып, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешетінін айтты. Әр Жолдауында Елбасы халықтың жағдайын бір сәтке де ұмытқан емес. Күні бүгінге дейін айтылған міндеттердің бәрі бірте-бірте орындалу үстінде. «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» екенін айта келе, Елбасы мемлекет алдында тұрған міндеттерді айқындап берді, барша қазақстандықтарды «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға шақырды. Сондықтан әрбір азамат болашаққа сеніммен қарап, айқындалған абыройлы міндеттерді мүлтіксіз орындайды деп сенемін.

Ерлан СЕЛИХАНОВ, Күршім аудандық салық басқармасының басшысы:

– Елбасы Жолдауы – тұрғындардың асыға күтетін және келешек бағыттар-дың айқындалуына орай салиқалы сенім артатын маңызды құжат. Сондықтан Жолдауды әрбір қазақстандық ықыласпен тыңдап, өзіне жақын салада болатын өзгерістерден үміт күтеді. Сол үміт бұл жолы да молынан ақталды. Президентіміз сонау бір кезеңдерде «Қазақстан-2030» бағ-дарламасын ұсынған шақта кейбір жерлестеріміздің көкейінде күмән бас көтеріп, көптеген адамдарға бұл меже тым шалғай жатқан кезең сияқты болып көрінген еді. Ал осы аралыққа межелеген жоспарлар-дың тегіс жүзеге асып, аталған жобалардың мезгілінен бұрын орындалғанын көзбен көріп, көңіл-мен түйсінген халық Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясын да шынайы сеніммен қарсы алды.

Осы айдарда

Back to top button