Жаңалықтар
Аю атып істі болды
Өскемен қаласының тұрғыны Новотроицк аунанында аю атқан.
Осыған байланысты оған Қылмыстық кодекстің тиісті бабы шеңберінде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Жедел профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында полицейлер Новотроицк ауданында заңсыз аң аулап, аюды атып өлтірген 37 жастағы Өскемен тұрғынын ұстады.
– Оқиға орнынан мылтық, квадроцикл және аюдың ұшасы сынды дәлелдер алынды, -деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ынтымақ Толқын