Қоғам

«Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауы

«Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауы

«Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже «Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізудің мәртебесі мен тәртібін реттейді.
1.2. «Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауын өткізу мақсаты –Қазақстан аймақтарының (14 облыстың, Астана мен Алматы қалаларының) әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешетін ұсынымдарды әзірлеу, зерделеу және бағалауда азаматтардың ғылыми-зерттеу қабілетін пайдалану мен дамыту.
Байқау мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ұсыным ретінде беру үшінүздік деп танылған 2050 жылға дейінгі аймақтық даму стратегияларын (бұдан әрі – Байқау жұмыстары) іріктеп алуды көздейді.
1.3. Байқауды ұйымдастырушы «KZ-2050» Жалпыұлттық қозғалысы» ҚБ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.
Байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстан Даму банкі» АҚ-ның қолдауымен өткізіліп отыр.
1.4. Осы Ереже Байқауға қатысушыларға, байқау жұмыстарының жобаларына және оларды Байқауға ұсыну тәртібіне қойылатын талаптарды, Байқауды өткізу мерзімін анықтайды. Ереже байқау шаралары аяқталғанға дейін қолданыс күшін жоймайды.
1.5. Қосымша ақпарат Ұйымдастырушының www.kz2050.kz ресми сайтында жарияланады.
1.6. Байқау 2014 жылдың 1 тамызы мен 13желтоқсан аралығындаөтеді.

2. Байқауға қатысу шарттары
2.1. Құжаттарын Байқау шарттарына сәйкес тапсырған Қазақстан Республикасы азаматтарының Байқауға қатысуға құқығы бар.
2.2. Байқауға жеке, сондай-ақ жобалық топ құрамында (5 адамнан көп емес) ұжыммен қатысуға болады.
2.3. Байқауға Қатысушы ретінде тіркелу үшін www.kz2050.kz мекен-жайы бойынша Ұйымдастырушының ресми Интернет-сайтында 1 Қосымшаға (жеке қатысушыға арналған) немесе 2 Қосымшаға (жобалық топқа арналған) сәйкес берілген үлгі бойынша онлайн-өтінімді толтырып, жіберу қажет. Өтінімдер 2014 жылдың 1 тамызы мен 7 қыркүйегі аралығында қабылданады. Ұйымдастырушы Байқауға қатысуға берген кез-келген өтінімді себебін түсіндірмей-ақ байқауға жібермеуге құқы бар.
2.4. Тіркеуден ойдағыдай өткендігі туралы ресми хабарлама алған азаматтар қатысушы ретінде арнайы тренингтерге шақырылады. Тренинг барысында қатысушылар стратегиялық жоспарлау негіздерін үйреніп, байқау жұмыстарына қойылатын талаптармен егжей-тегжейлі таныса алады. Тренинг қатысушыларға Байқау жұмыстарын сапалы дайындау үшін қажет ақпаратты ұсыну мақсатында өткізіледі. Тренингке міндетті түрде қатысу керек. Жобалық топтар (жобалық топ құрамындағы азаматтарға) тренингке өз арасынан бір адамды жіберсе жеткілікті.
2.5. Байқауға Қатысушылар 2014 жылдың 15 қазанына дейін байқау жұмыстарын төмендегі талаптарға сәйкес тапсырулары қажет:
а) Байқау жұмысында Қазақстан Республикасының 16 аймағының бірін (14 облыстың бірін, Астана мен Алматы қалаларын) әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде ұсыныстар мен оны іске асыру барысы көрініс табу керек. Онда өңірдің географиялық, индустриалдық, сервистік және кадрлық әлеуеті, сондай-ақ басым және әлсіз тұстары, талаптары мен мүмкіндіктері (оның ішінде статистикалық деректерді саралау нәтижесінде анықталған оң және теріс трендтер негізге алынып, басқа да дәйекті көрсеткіштер) ескерілуі тиіс;
б) Байқау жұмысында «Қазақстан-2050» Стратегиясының, 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының, өзге де бағдарламалық құжаттардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшуі жөніндегі тұжырымдаманың, Қазақстан Республикасының өңірлеріндамытудың бірыңғай бағдарламасының, сондай-ақ өңірлерді дамытудың өзекті стратегияларының басты мақсаттары мен міндеттері ескерілуі қажет;
в) әрбір Қатысушы (жеке және топ құрамындағы) 16 аймақтың біреуіне ғана қатысты тек бір Байқау жұмысын ұсына алады.
2.6. Байқау жұмысын рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар:
а) Байқау жұмысы мәтін түрінде болуы тиіс. Қажеттілігіне қарай, кесте, диаграмма, сурет, инфографика, т.б. көрнекі материалдарды қоса беруге болады. Пайдаланылған барлық көрнекілік материалдар мынадай ретте нөмірленуі қажет: 1 Қосымша, 2 Қосымша, т.с.с. Осы көрнекілік материалдарға жататын көрнекілік материалдарды Байқау жұмысында, мәтінде пайдаланған жағдайда оған мынадай түрде сілтеме жасау керек (1 Қосымшаны, 2 Қосымшаны қараңыз, т.с.с.);
б) Байқау жұмысының жалпы көлемі (титул парағын қоса есептегенде) Word форматындағы 30 беттен аспауы керек. Мәтінмен берілген материалдардың беттері титул парағынан бастап барлық беттерді толассыз нөмірлеуді сақтай отыра, араб сандарымен нөмірленген болуы тиіс (титул парағында бет нөмірі көрсетілмейді);
в) негізгі мәтіннің қаріпі – Times New Roman. Қаріптің өлшемі – 14 дағдылы кескінде. Жоларалық қашықтық – 1,0;
2.7. Байқау жұмысының электронды нұсқасын aimak2050@gmail.com электронды поштасына және қағазға жазылған нұсқасын 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 6, 314 кеңсе, «Арман» БО мекен-жайы бойынша жіберу қажет.
2.8. Байқау жұмыстары кері қайтарылмайды.
2.9. Ұйымдастырушы осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін байқау жұмыстарын Байқауға қатыстырмауға құқығы бар.

3. Байқау комиссиясы
3.1. Байқау комиссиясын Байқауды Ұйымдастырушы жасақтайды, оның құрамына мемлекеттік мекемелердің, ұлттық компаниялардың өкілдері, отандық сарапшылар мен «KZ-2050» Жалпыұлттыққозғалысы» ҚБ мүшелерінемесеәлеуметтік-экономикалықстратегиялардызерттеужөніндегіғылыми-зерттеу институты кіретінболады.
3.2. Байқау комиссиясының құрамына Комиссия Төрағасы, Төраға орынбасары және байқау комиссиясының мүшелеріенеді. Комиссия хатшысыбайқаукомиссиясыныңмүшесіболыптабылмайдыжәнешешімқабылдағанкездедауысберугеқұқығыжоқ. Байқаукомиссиясыныңқұрамы мен мүшелеріөзгермейді. Байқаукомиссиясыныңшешімікомиссияныңбарлықмүшелерініңқолықойылатынхаттамаменрәсімделеді.

4. Байқауды өткізу тәртібі мен кезеңдері
4.1. Байқау 7 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең (1 тамыз бен 7 қыркүйек аралығы). Өтінімдерді қабылдау мен іріктеу, Байқауға қатысушылар тізімін жасақтау.
Екінші кезең(8-21қыркүйек аралығы).Байқау қатысушыларына арналған тренингтер өткізу.
Үшінші кезең (22 қыркүйек пен 15 қазан аралығы). Байқау жұмыстарын қабылдау.
Төртінші кезең (15-25 қазан аралығы). Байқау жұмыстарын саралап, 16 аймақтың әрқайсысынан үздік жұмыстарды анықтау.
Бесінші кезең (27қазан мен 7 қараша аралығы).Аймақтық конференциялар өткізу және Байқау жұмыстарын қайта қарап шығу. Бірінші орын алған жеңімпаздар, Ұйымдастырушының қолдауымен, өз аймақтарында конференциялар өткізеді. Конференцияға өңірдегі мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғам өкілдері шақырылады. Конференция барысындаБайқауға қатысушылар өзінің аймақтық стратегиясын таныстырып, кері байланыс орнатуға тырысады. Бұл шара Байқауға қатысушыларға конференция кезінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отыра, Байқау жұмыстарын қайта қарап, өңдеп шығуға мүмкіндік береді. Байқау жұмысының соңғы нұсқасын 10 қарашадан кешіктірмей Ұйымдастырушының электронды мекен-жайына жіберу қажет.
Алтыншы кезең (11-15қараша аралығы).Үздік үш аймақтық Стрегияны анықтау. Қорытындысы марапаттау салтанатында жарияланатын болады.
Жетінші кезең (17 қараша мен 13 желтоқсан аралығы).Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Бұл салтанатты рәсімге Қазақстанның барлық аймақтарынан үздік деп танылған үш аймақтық стратегияның авторлары шақырылады. Байқау жеңімпаздарының есімдері осы рәсімде жарияланатын болады.
Байқау комиссиясының шешімі www.kz2050.kz мекен-жайы бойынша Ұйымдастырушының ресми сайтында 2014 жылдың 27 қазанына дейін қосымша жарияланады. Байқау комиссиясының шешіміне түсініктеме берілмейді,байқау нәтижелері қайта қаралмайды және шағым беруге болмайды.

5. Байқауға қатысушыларды марапаттау
5.1. Байқау нәтижесінде 16 аймақтың әрқайсысынан үш үздік Байқау жұмыстары анықталады:
1) Өңірлердегі бірінші орын алған Қатысушылар бірінші дәрежелі дипломға және 70 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады;
2) Өңірлердегі екінші орын алған Қатысушылар екінші дәрежелі дипломға және 50 000(елу мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады;
3) Өңірлердегі үшінші орын алған Қатысушылар үшінші дәрежелі дипломға және 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады.
5.2. 16 аймақтың әрқайсысынан бірінші орын алған қатысушылар Байқаудың ақтық сынына өтеді. Олардың қатарынан үш үздік аймақтық стратегия таңдап алынады. Осы үздік деп танылған үш Байқау жұмысының авторлары бірінші, екінші және үшінші орындар үшін медальдармен марапатталып, Қазақстан Ресбуликасы Премьер-министрі қатысатын бейресми таңғы асқа (түскі асқа) шақырылатын болады.
1) Бірінші орын алған Қатысушы/Жобалық топбірінші дәрежелі дипломға және 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады;
2) Екінші орын алған Қатысушы/Жобалық топбірінші дәрежелі дипломға және 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады;
3) Үшінші орын алған Қатысушы/Жобалық топбірінші дәрежелі дипломға және 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады.
5.3. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйақы Байқау комиссиясының шешімінен кейін банктік 15 күн ішінде, қажет құжаттар рәсімделген жағдайда, есеп-шотқа аударылады.

1 ҚОСЫМША

«Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауына қатысуға
ӨТІНІМ
Өтінімдер 2014 жылдың 7 қыркүйегіне дейін қабылданады

Тұлғаны куәландыратын құжат: ТөлқұжатЖеке куәлік

Нөмірі:

ЖСН:

2 ҚОСЫМША

«Аймақ-2050» жалпыұлттық байқауына қатысуға
ӨТІНІМ
Өтінімдер 2014 жылдың 7 қыркүйегіне дейін қабылданады

Тұлғаны куәландыратын құжат: ТөлқұжатЖеке куәлік

Нөмірі:

ЖСН:

Топ құрамындағы 1 қатысушы

Топ құрамындағы 2 қатысушы

Топ құрамындағы 3 қатысушы

Топ құрамындағы 4 қатысушы

3 ҚОСЫМША

Тренингтер өтетін орын

№ р.с. Тренинг өтетін қала Тренинг өтетін күн Байқауға қатысушылар тұратын облыстар
1. Орал қ. 13-14 қыркүйек Ақтөбе облысы, Батыс-Қазақстан облысы, Атырауоблысы, Манғыстау облысы
2. Шымкент қ. 17-18 қыркүйек Алматы облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Жамбылоблысы, Шығыс-Қазақстан облысы, Алматы қ.
3. Көкшетау қ. 20-21 қыркүйек Акмола облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Астана қ.

Осы айдарда

Back to top button