Мәдениет

«Айгөлек» ән-би ансамблі құрылды

«Айгөлек» ән-би ансамблі құрылды

Қай өңірде болмасын өнерлі өрендер жетерлік. Тек қолында билігі бар ел ағалары жас дарындарды дер кезінде байқап, қолдау жасап отырса болғаны. Таяуда Абай ауданында «Айгөлек» ән-би ансамблі құрылып, тұсауы кесілді.

«Айгөлек» ән-би ансамблінің ұйымдастырушысы, тәлімгер ұстаз, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының їздігі Н.Бұланбаеваның айтуынша, осынау ансамбльдің өмірге келуіне «Өрнек» бишілер тобының республикалық «Айгөлек» байқауынан жїлделі орын алып келуі себепші болыпты. Жас бишілердің өнеріне сїйсінген аудан әкімі Тұрсынғазы Мїсәпірбеков оған «Биші өрендеріміздің осынау тамаша өнері тоқтап, тоқырап қалмасын, осыған нағыз талантты әнші, кїйшілерді қосып, жаңа қырынан дамытып, балалардың аудандық «Айгөлек» ән-би ансамблін ұйымдастырсаңыз» – деген ұсынысын білдіреді.
Балалардан құралған ансамбльді жасақтау барысында саз мектебінің мұғалімдерімен ақылдаса отырып, тек қана жїлделі орындардан көрініп жїрген оқушылар іріктеліп алынады. Ансамбльдің тұсауын «Абай елінің құрметті азаматы» атағын алған өнер қайраткері Кенжеғали Мыржықпай кесіп, өнерлі өрендерден құралған топтың алғашқы концерті ел абыройын асқақтатып жїрген Айбек, Мұхит, Айдос, Зере сынды Әлем чемпионы, «Қазақстан Барысы» атанған балуандарға арналады. Қазақы дәстїрге сай «Нұр-Сана» әжелер ансамблі шашу шашып, аналық ақ тілектерін жаудырады.
Алдағы уақытта аудан әкімі Тұрсынғазы Жантұяқұлы балалардың өнерін Семей қаласы тұрғындарына көрсетуді де жоспарлап отырған көрінеді.
Бїгінде ансамбльдің құрамында 70-тен аса бала бар. Репертуар қоры да бай. Мектеп директорларымен бірге аудандық білім бөлімі, мәдениет бөлімінің демеушілігімен жаңа киімдер де тігілу їстінде. Сонымен қатар өнерпаздар тобының құрамында фольклорлық, камералық ансамбльдер де бар. Келешекте аудан мектептерінің өнерлі жұлдыздарымен ансамбль мїшелері толықтырылып отырылмақ.
Осылайша, абайлық өрендерден құралған «Айгөлек» алдағы уақытта осындай қамқорлық пен жанашырлықтың арқасында талай биіктерден көрінбек.

Мейрамтай Иманғали

Осы айдарда

Back to top button