Мәдениет

Айдынның «Төрт қауырсын, Мыстан, Бәйтерек» атты ертегісі балаларга жол тартты

Айдынның «Төрт қауырсын, Мыстан, Бәйтерек» атты ертегісі балаларга жол тартты

Жуырда Жамбыл атындағы драма театрда режиссер Айдын Салбановтың жаңа туындысы «Төрт қауырсын, Мыстан, Бәйтерек» атты балаларға арналған ертегісінің тұсаукесері өтті.
Қазақ халық ертегілерінің желісімен жазылған заманауи қойылымның көрермендері көп болды. Айта кетейік, бұл жас режиссердің алғашқы туындысы емес. Бұған дейін де балалар тақырыбында қалам тербеген Айдынның аталмыш туындысын көрермен-балалар жылы қабылдады. Жылы дейміз-ау, балғындар ертегі кейіпкерлерімен етене араласып кетті. Айталық, жақсылыққа жаны құмар өскелеңдер жағымды кейіпкерлермен бірге мұңайып, бірге қуанғанын қимылдарымен, сөздерімен анық білдіріп отырса, жадыгөй жалмауыз кемпірге бірлікте қарсы тұрып, оны қалай құрту керектігі жайында өз ақылдарын айғайлап тұрып ортаға салды кейбір балалар. Ертегі ең соңында Ақыл, Шыдам, Қайсар, Мейірім сынды жағымды кейіпкерлердің жеңісімен аяқталып, мыстан кемпірді әуелгі адам бейнесіне қайта әкелді.
– Мен бұл қойылымда балалардың санасына елдік рухты, патриотизмді сіңіргім келді. Адамның адам деген атқа жауап беруі үшін және адам болып қалуы үшін ақыл, шыдам, қайсарлық, мейірімділік керек деп ойлаймын және осы ұғымдарды сидыруға тырыстым. Бағасын халық бере жатар, – дейді режиссер.

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button