Аязға төзімді пальма Астанада өсіріледі
Шілденің 6-сы күні аталып өтілетін Астананың туған күніне орай елордалық әуесқой ботаник Евгений Кудряк пальманың аязға төзімді ерекше түрін таныстырды.
Оның болжамынша, пальма 35 градус аязда да, аптап ыстықта да өзінің жасыл түсін жыл бойы жо-ғалтпауы тиіс. Бірнеше жылдан бері үйінің ауласында пальма өсірген Евгений Кудряк енді бұл тропи-калық ағаштарды Астананың басқа жерлеріне отырғызбақ. Сөйтіп, сүйік-ті қаласына үлкен тарту жасамақ.
– Оның еш қиындығы жоқ. Мен аулада юкка пальмасын өсіремін. Суыққа шыдағандарын іріктеп, одан тұқым аламын. Ал үсіп кеткендерінің тамырын шауып тастаймын. Негізі юкка 20 градусқа дейін суыққа төзе алады. Бірақ одан қатты аязға шыдамайды. Сондықтан одан суыққа төзімді өсімдік шығару үшін біраз еңбектену керек. Бұл менің бизнес-жобам, – дейді ботаник.
Маманның айтуынша, шамамен 15 жылдан кейін селекция нәти-жесінде 40 градустық аязға төзімді пальмаларды өсіруге болады.