Оқиғалар
Аяқкиімдері жоқ балалар мектепке бармады
Көкпекті ауданындағы жетімдер үйінде төрт бірдей тәрбиеленуші қыстық аяқкиімдерінің жоқтығынан мектепке бара алмай қалған.
Бұл жағдай балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе жүргізілген тексеру барысында анықталған көрінеді. Мамандардың айтуынша, оған балаларға арнап қысқы киім-кешекті уақытында сатып алмаған жетімдер үйінің басшылығы кінәлі көрінеді.
Қазіргі уақытта прокуратура қызметкерлері аталған мәселеге қатысты тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Шығыс-Ақпарат