Мәдениет

Аягөздік оқушы түскен фильм жүлдегер атанды

Аягөздік оқушы түскен фильм жүлдегер атанды

Еламан Алдабергенов – Аягөз қаласындағы №3 мектептің 11 сынып оқушысы. Өткен жылдың соңында ол түскен «Бензин бітті» («Gasis over») атты қысқаметражды фильм Дубай халықаралық кинофестивалінің жүлдегері атанды.
Бұл режиссер Асхат Кучинчирековтің тырнақалды туындысы екен. Бұған дейін ол 2008 жылы «Жауқазын» («Тюльпан») фильмінде басты рөлді сомдаған талантты актер ретінде өнерсүйер қауымға танылған болатын. Ал жас режиссердің бұл қысқаметражды фильмінде ойнаған жерлесіміз Еламан Алдабергенов өзінің алдағы өмірін тек қана киномен байланыстыратынын айтады.
– «Бензин бітті» фильмі Қырғызстанның Қарақол қаласында түсірілді. Бұл менің кинодағы алғашқы рөлім болғандықтан, қатты қобалжығаным рас. Тек жанымда ағам Дәуреннің болғаны көңіліме демеу болды. Ол – Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. Білмеген тұстарымды осы ағам мен режиссер Асхат аға түсіндіріп, маған бағыт-бағдар сілтеп отырды, – дейді жас актер түсірілім жайында.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button