«AMANAT»

«Ауыл аманаты» жобасы іске асырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын және халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын орындау мақсатында Amanat партиясы жанынан «Ауыл аманаты» жобасы іске асуда.

Жоба шарты – халыққа 2,5% мөлшерлемемен несие беру арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және оларға қызмет көрсететін сервистік-дайындау кооперативін құру.

«Ауыл аманаты» жобасының өкілдері 1 тамыздан бастап шалғай ауылдар тұрғындары арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді.

– Ұлан ауданындағы Бозанбай, Тарғын ауылдарының тұрғындарымен кездестік. Жобаға қатысты жұрт тарапынан қойылған сұрақтардың көбі 2,5% мөлшерлемелік несие алу бойынша кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке және шағын кооперация құруға байланысты болды. Тұрғындар жобаға қызығушылық танытып, өз ұсыныс-идеяларымен бөлісуде, – дейді «Ауыл аманаты» жобасы бойынша бизнес-тренер Жұмагүл Мақашева.

Еске салсақ, жобаның бірінші бөлігі аясында Президенттің биылғы 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында берген тапсырмаларын және Үкіметтің 2022 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен бекітілген халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын орындау мақсатында Amanat партиясының саяси менеджмент академиясы 11-20 шілде аралығында ауыл әкімдерін оқытты. Оқуға Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 240 ауыл әкімі қатысты.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button