Сұраңыз

Автокөлік басқару куәлігін ғаламтор арқылы қалай ауыстыруға болады?

Автокөлік басқару куәлігін ғаламтор арқылы қалай ауыстыруға болады?

– Автокөлік басқару куәлігін үйден шықпай-ақ, ғаламтор арқылы ауыстырып алуға болады деп естідім. Бірақ ол үшін алдымен есепшотыңызда жеткілікті мөлшердегі қаражат болу керек екен. Осы қаншылықты рас?

Айдар Мұхтарұлы
Өскемен.
Сауалдың жауабы Egov.kz сайтынан алынды:

Қызметті онлайн алу

1. Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою. Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу (фотосуретке талаптар) және қолдың үлгісі (қолдың скан суреттеріне талаптар).
3. Қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алымды төлеу.
4. Қалыптасқан электрондық өтінішпен жеке кабинетте танысу («Қызметтерді алу тарихы» тарауында танысу), көрсетілген ТЕБ немесе маман ХҚКО көрсету қажет. «Қызметтерді төлеу тарихы» – жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чекпен танысу, оны басып шығару қажет.
5. ҚР ІІМ қызметкерлерінің тұлғасын сәйкестендіру үшін маман ХҚКО немесе ТЕБ-ке электрондық өтініште жазылған адрес арқылы бару. Өзімен бірге төмендегілер болуы қажет:
o басып шығарылған электрондық өтініш;
o айырбастау үшін қазіргі жүргізуші куәлігі;
o жеке басты куәландыратын құжат;
o псих-және наркодиспансерден анықтамалар;
o 083-нысанды медициналық анықтама;
o жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы басып шығарылған чек.
Онлайн қызметті порталда Астана, Алматы және облыстық орталықтардың ҚР азаматтары болып табылатын тұрғындары ала алады. Азаматтығы жоқ шетелдіктер және тұлғалар қызметті арнайы ХҚКО, сондай-ақ, жол полициясының ТЕБ бөлімшесінде ала алады.
Ескерту:
Жүргізуші куәлігін электрондық портал арқылы алу жүргізуші куәлігінің ескі үлгісін ауыстырғанда немесе оның қолданылу мерзімі өтпеген кезде түрін өзгертумен байланысты айырбастағанда ғана мүмкін.
Қызмет көрсету нәтижесі:
Жүргізуші куәлігін (бұдан әрі – ЖК), уақытша ЖК беру немесе 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады.

Әзірлеген – Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button