Қоғам

Автобуста жүру жеңілдігі болмай ма?

Автобуста жүру жеңілдігі болмай ма?

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өскеменде жасы 70-тен асқан қарттар үшін қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүру құқығы алынып тасталмақшы.
Есесіне, жол шығынына өтемақы ретінде аталған санаттағы қарияларға жылына бір рет ақша берілуі мүмкін.
Үкімет биыл жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы қаулы қабылдап, соған сәйкес жергілікті әкімдік тек екі жағдайда ғана тиісті адамдарға әлеуметтік көмек көрсете алады екен. Олар: өрт, су тас-қыны секілді төтенше жағдайлардан зардап шеккен болса және атаулы мерекелік күндерге орай.
– Қарттарға бір реттік материалдық көмек көрсетуді 1 мамырға жоспарлап отырмыз. Оны бергенде зейнеткердің жас шамасы емес, алатын зейнетақысының мөлшері ескеріледі. Яғни, 40 мың теңгеге дейінгі зейнетақы иелеріне беріледі, – деп түсіндірген Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов атаулы көмектің көлемі шамамен жылына 13 мың теңгені құрайтынын айтты.
Айта кетейік, бұл тек жергілікті әкімдік тарапынан ұсынылған жоба ғана. Оның мақұлдану, мақұлданбауы
24 желтоқсанда өтетін қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button