Ауыл әйелдері бас қосты – ШҚО
Бүгін Өскеменде Қазақстанның ауыл әйелдерінің облыстық форумы өтті.
Форумға Абай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының ауыл әйелдері қатысты. Бұл іс-шара биылғы жылға жоспарланған төрт аймақтың форумның үшіншісі көрінеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Майра Арапқызы Айсина тізгінін ұстаған аймақтық форумның негізгі мақсаты – ауыл және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін өркендету, нәтижелі жұмыспен қамту арқылы ауылдың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру. Форум жұмысына Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина сәттілік тіледі.
– Ауылдың дамуы, көркеюі тікелей әйелге байланысты. Әйел дамыса – ауыл да дамитынына сенімдімін. Сондықтан да әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерден ауыл әйелдері де құр қалмауы тиіс, – деді форум жұмысына онлайн режимінде қатысқан ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен.
Айтуынша, бүгінгі таңда еліміздегі орта бизнестің 50, шағын бизнестің 70 пайызы әйелдердің қолында көрінеді.
Қорытынды шара ауыл әйелдерінің 6-шы республикалық форумы болмақ.
Мейрамтай Иманғалиева