Ауыл ақсақалы әділдік үшін дауыс берді
Катонқарағай ауданының Жұлдыз ауылындағы 855-ші сайлау учаскесінде дауыс берушілер сайлауға белсенді қатысып жатыр.
Дауыс беру науқаны басталысымен-ақ жасы да, жасамысы да сайлау учаскесіне қарай ағыла бастады. Сексеннің сеңгірінен асқан Қадылбек Рамазанов та сайлау учаскесіне елден қалмай, алғашқылардың бір боп жетті.
-Бүгінгі сайлаудың мәні мен маңызы өте зор. Тағдыршешті саяси науқан деп есептеймін. Ел үмітін ақтар, Әділетті Қазақстан құрудағы келелі істерді атқару сайлауға түсіп жатқан ендігі депутаттардың қолында. Сайлау әділ өтсін. Сайлаушылардың көп дауысын жинап , халық қалаулылары атанар жандарға жемісті еңбек тілеймін. Халықтың сенімін ақтап, адал қызмет жасасын. Жас ұрпақ бейбіт заманда өмір кешсін. Еліміз аман болсын!, -дейді Қадылбек ақсақал.
Еске салып өтейік, Катонқарағай ауданы бойынша барлығы 46 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.
Тимур Смағұлов
Катонқарағай ауданы