Оқиғалар

Аусылдың алдын алып, сарып ауруын азайтпақ

Мал арасында жұқпалы аурулардың таралуының тыйылмай отырған-дығы облыс ветеринарларын алаңдатып отыр. Мәселен, тек өткен жылы ғана облыста 15 мың ірі қара, 14 мыңға жуық ұсақ мал ауруға шалдыққандықтан көзі жойылған.

Аусылдың алдын алып, сарып ауруын азайтпақӘсіресе, сарып ауруы азаймай отыр. Оның себептеріне сараптама жасаған мамандар мал ауруын анықтау мен алдын алу жұмыстарының бұрынғы классикалық әдісіне көшу керек деген шешімге келіп отыр. Ал сарыптан соң аусыл мен құтырық аурулары да жиі кезігуде. Мәселен, өткен жылы Күршім мен Үржар аудандарында кезіккен аусыл ауруы мал иелері мен маман-дарды талай сарсаңға салғаны белгілі.

Жұқпалы мал ауруларының алдын алу үшін қажетті профилакти-калық жұмыстарды жүргізуге өткен жылы республикалық бюджеттен барлығы 673 миллион 386 мың теңге қаржы жұмсалыпты. Оған қоса облыстық бюджеттен бөлінген 44 миллион теңгеге жуық қаржыға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған 13 автокөлік сатып алыныпты.

Еркінбек Асқарұлы

Осы айдарда

Back to top button