«AMANAT»

Аурухана айналасына көшет екті

Ержан Әбіш

Amanat партиясының облыстық филиалы Өскемендегі Ана мен бала орталығы аумағында көшет егу акциясын өткізді. Олар өңірді жасыл желекке айналдырып, экологиялық жағдайын жақсартуға барынша назар аударуда.

– Облыстық филиал жанындағы экологиялық кеңестің бастамасымен ағаш отырғызу акциясын өткіздік. Партия филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында экологиялық мәселені шешуге арналған бағыттар бар, – дейді облыстық партия филиалының өкілі Аманбай Нұркенов.

Шараға облыстық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттары, облыстық партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестер мүшелері, экология департаментінің, табиғи ресурстар басқармасының басшылары, дәрігерлер, жастар мен волонтерлер қатысты.

– Біз Ана мен бала орталығының алаңына тал ектік. Бұл – туған өлкемізді, Жаңа Қазақстанды өркендетуге қосқан ортақ үлесіміздің бастамасы, – деді облыстық партия филиалы жанындағы экологиялық қоғамдық кеңестің төрайымы Татьяна Чернышова.

Акция барысында 40-тан астам  түп қылқанжапырақты ағаш отырғызылды.

– Жастар үшін мұндай игі шараның маңызы зор. Бұл – табиғатты аялауға, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосқан үлесіміз, – деді облыстық партия филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрайымы Қорлан Туғанбаева.

Осы айдарда

Back to top button