Ауласынан 39 қарасора бұтасы табылған – Риддер
Риддерлік тұрғын жылыжайында есірткілік өсімдікті өсірген.
“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 47 жастағы азаматтың үйінен 39 қарасора бұтасы тәркіленген, -деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Сараптама құрамында есірткі бар өсімдіктің жалпы салмағы 2,5 килограмнан асатынын көрсетті. Сондай — ақ күдіктіден кептірілген марихуана табылды,-деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеп — тексеру Қылмыстық кодекстің 296 және 300-баптары бойынша жүргізіледі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау және құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру).
Ынтымақ Толқын