Оқиғалар

Аудан мектептерінде 25 наркобекет жұмыс істейді

Аудан мектептерінде 25 наркобекет жұмыс істейді

Біраз уақыттан бері Шемонайха қаласындағы аудандық аурухана жанында наркологиялық кабинет жұмыс істейді.

Ал аудандағы мектептерде кәмелет жасына толмаған балаларды ішімдіктен, нашақорлық пен токсикоманиядан сақтандыру мақсатында әр тақырыпты қамтитын дөңгелек үстел отырыстары жүйелі өткізіліп тұрады. Атап айтқанда, бүгінде аудан мектептерінде 25 наркобекет жұмыс істеуде. Ондағы қызметкерлер денсаулық сақтау саласы-ның өкілдерімен бірлесіп, балаларды медициналық тексеру шеңберінде олардың нашақорлық пен жүйкеге тікелей әсер ететін заттарды заңсыз пайдалануына жол бермеуді қарастырады.

– Мұндай наркобекеттер мен мектеп инспекторлары-ның негізгі жұмысы балалар арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, олардың қатысуымен шылым шегу мен ішімдікті пайдаланудан, нашақорлық пен токсикоманияға тәуелділіктен сақ болу жайында сынып сағаттарын өткізуге саяды. Мәселен, үстіміздегі жылы кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін учаскелік инспекторлардың араласуымен бір баланың нашақорлыққа бой алдырғаны анықталды, – дейді кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекцияның аға инспекторы А.Қабдылқақова.

Биылғы оқу жылы барысында кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторлар қаладағы №5 және Астафьев атындағы, сондай-ақ, Рулихадағы жалпы білім беретін орта мектептерде «Нашақорлық – ғасыр дерті», «Нашақорлыққа – жол жоқ!» тақырыпта-рында лекциялар оқып, оқушыларға нашақорлықтың зияны жайында жан-жақты әңгімелеген көрінеді.

Жалпы, биылдың өзінде ғана мектеп жасындағы балаларға 36 лекция оқылған екен.

Ғафура Сәрсенбайқызы
Шемонайха ауданы

Осы айдарда

Back to top button