Қоғам

Ауған соғысының ардагерлері құрметке лайық

Ауған соғысының ардагерлері құрметке лайық

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 25 жыл толды. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Ауған соғысы ардагерлерінің аудандық және қалалық ұйымдары өкілдерімен кездесіп, селекторлық жиын өткізді.
Кездесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Ахаев, облыстық басқармалар басшылары қатысты. Жиында аудандарда, қалаларда жауынгер-интернационалистердің қатысуымен өтіп жатқан іс-шаралар талқыланып, қорытындысы шығарылды. Биылғы 14 ақпанда кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толды. Осыған орай облыста әртїрлі іс-шаралардың жоспары құрылып, барлығы дерлік орындалды.
– Аудандар мен қалаларда жұмыстар атқарылды, іс-шаралар өтті. Жақсы нәтижелер де бар, кемшін тұстары да жоқ емес, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Сонымен қатар, интернационалист-жауынгерлердің есімі ел есінде сақталуы їшін аттары көшелерге, мектептерге берілу керектігі сөз болды. Мәселен, Ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен 149-гвардиялық мотоатқыштар полкі, мотоатқыштар батальонының штаб бастығы Мұрат Қожановтың есімін Ұлан ауданы, Привольное ауылындағы мектепке беру керектігі ұсынылды. Бұл бастама жөнінде қажетті құжаттар әзірленіп те қойыпты. Мұрағаттан деректер алынып, әскери достарымен әңгіме өрбіген. Олардың кейбіреуі Канадада, Бельгияда тұрады. Ауған даласында нағыз батырға сай ерлік жасап, мерт болған Мұрат Қожанов «Халық қаћарманы» атағына ұсынылды. Ал Өскемен қалалық ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сергей Денякиннің айтуынша, Ауғанстанда ерлікпен қаза тапқан капитан А.Ларионовтың есімі туған ауылы Новоявленкадағы жастар клубына беріліп, батырдың бұрышы ашылыпты. Ауылдағы бір көше А.Ларионовтың есімімен аталады. Айта кетерлігі, Өскеменде осы батырларымыздың құрметіне орай әскери-патриоттық ойындар өткізілді. Интернационалист-жауынгерлер оқыған мектептердің қабырғаларына ескерткіш тақталар орнатылды.
Жыл көлемінде құрылған жоспар бойынша Ауған соғысы ардагерлеріне жауынгер-интернационалистердің мїгедек балаларына облыстық, республикалық санаторийлерге жолдама беріліп, қайтыс болған ардагерлердің отбасыларына көмек көрсетіліп келеді. Республикалық «Парыз» қоры арқылы, облыс әкімдігінің қолдауымен бірқатар кейбір ардагерлердің їйлері, пәтерлері кїрделі жөндеуден өтті.
– Біз қолға алған жұмыстарды жалғастыруға, жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беруге әзірміз. Тәуелсіздік кїніне орай Ауған даласында қаза болған шығысқазақстандық жауынгерлердің құрметіне кітап шығаруды ойластырып отырмыз, – деді Өскемен қалалық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сергей Денякин.
Семей қаласында да көптеген шаралар өткізілген. Семей қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Исабаеваның айтуынша, қалада 400-ден астам Ауған соғысы ардагерлері тұрып жатыр. Солардың құрметіне Семейде патриоттық әндер байқауы, «Жас ұлан» ер балалар лицейінің қабырғасында республикалық әскери-спорттық жарыстар өтті. Бірақ Семейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы мақалалар жарық көрмеген. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар осы жайтты сын тезіне алды. Сондай-ақ, Семей мектептерінде Ауған соғысында мерт болғандарға арналған стендтер көрініс тапса, қала ортасында ескерткіш орнатылған. №40 мектептегі «Жас жұлдыз» орталығы жұмысын жалғастырады. Ал риддерлік Ауған соғысы ардагерлері ұйымының мїшелері мен тұрғындар ауғандықтар сквері жекеменшікке өтіп кетпеуіне мїдделі. Бұл жерде сквер аумағы жеке қолға өтпейтіні айтылды.
Аудан, қала әкімдіктері Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен 1-желтоқсанға дейін іс-шаралар өткізуі тиіс еді. Алайда, Аягөзде, Бесқарағайда, Риддерде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтпеген. Мектептерде де интернационалист-жауынгерлермен кездесу жұмыстары сылбыр жїріп жатқан сияқты. Осыған орай Жақсылық Омар білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиевқа ескерту жасады.
– Оқушылар, ауыл тұрғындары Ауған соғысы ардагерлерімен їнемі кездесіп тұруы тиіс. Олар – дайын жїрген спикерлер, өз ауылының їлгілі азаматтары, – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Ахаев та ардагерлермен кездесудің керектігін қолдады.
– Соғыс бізге їлкен қайғы-қасірет әкелді. Бїгінгі бейбіт кїнде өмір сїріп жатқан ұрпақ өткенін білсін. Келесі жылы қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңіске – 70 жыл, Қазақстан халықтар Ассамблеясы мен Қазақстан Конституциясына – 20 жыл, ал Абай Құнанбаевтың туғанына – 170 жыл. Сондықтан да бұл мерейтойларға да асқан жауапкершілікпен дайындалуымыз қажет, – деді Василий Ахаев.
Жиын соңында Жақсылық Омар мен Василий Ахаев Ауған соғысы ардагерлері ұйымының өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік ретінде Шығыс Қазақстан туралы кітаптарды сыйға тартты. Одан кейін Ауған соғысының ардагерлері жауынгер-интернационалистердің Өскемендегі ескерткішіне гїл шоқтарын қойды.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button