Қоғам

Ақтоғай кенішінде жаңа асхана мен жатақхана салынады

Ақтоғай кенішінде жаңа асхана мен жатақхана салынады

Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ Аягөз ауданындағы Ақтоғай кенішінің мердігері болып табылатын «NFC» компаниясының президенті Ма Жинпингпен кездесті.
Кездесу барысында жақында Ақтоғай кенішіндегі жұмысшылар арасында орын алған қақтығыс жайы сөз болды. Аймақ басшысы «NFC» компаниясының жетекшісіне жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына бірінші кезекте назар аудару қажеттігін ескертіп, шектен шыққандардың барлығы еліміздің заңдары аясында жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Облыс әкімінің пікірінше, мұндай келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін ең әуелі жұмысшылар құрамын ауыстырғанда шығысқазақстандықтарды, оның ішінде кенішке жақын елді мекендердің тұрғындарын тарту мәселесіне баса назар аудару қажет.
Ма Жинпинг облыс басшылығына келеңсіз жағдайды реттеуге жедел түрде атсалысып, жұмысшылардың тамақтануы мен жатар орны мәселесін реттеуге жәрдемдескені үшін алғысын айтып, қазіргі уақытта кеніштегі асхана мен жатақхана еліміздің заңдары аясында тәртіпке келтірілгенін атап өтті. Жақын уақытта «NFC» компаниясы кеніш жұмысшыларына арнап жаңа асхана мен жатақхана салатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button