Оқиғалар

Қатерлі дерт дес бермей тұр

Боран ауылдық округінде пайда болған сарып ауруының ошақтары әлі толық жойылған жоқ.

Қатерлі дерт дес бермей тұрАудан әкімі А.Сейітовтің төрағалығымен өткен Күршім ауданы әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында аудан басшылығы тарапынан бірқатар сын-ескертпелер айтылып, ветеринар мамандарға тиісінше міндеттер жүктелген болатын.

– Сарып ауруы белгі берген жайсыз ошақтарға республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың ШҚО бойынша филиалы арнайы ДУК автокөлігімен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – дейді ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің бас маман-ветеринары Б.Аймұхамбетов. – Дегенмен, жайсыз ошақтар жойылар емес, мәселен, үйлестіру кеңесі өткеннен кейін бүгінгі уақытқа дейін Боран ауылында 80 бас ұсақ мал да сарып ауруы анықталған болса, Жаңауылдан 18 бас шығып отыр. Сонымен қатар, Қалжыр ауылында 28 бас, Теректіде 7 бас анықталды. Қазіргі уақытта дертті мал жойылып, Боран мен Жаңауылда сауықтыру шаралары жүріп жатыр. Бүгінге дейін 1800 ұсақ мал жойылып, 180 ірі қара етке жөнелтілді.

Бас маман-ветеринардың айтуынша, ауруға шалдыққан мал санының азаймау себебі – мал отарларынан қан сынамаларының толық алынбағандығы. Мысалы, отарда 600 бас болса, оның 400-500 басынан сынама алынып отырған. Осы олқылықты жою үшін бөлімнің бас маман-ветеринары С.Әшіманов аталған ауылдарға өзі барып, мал отарларынан қан сынамаларын толық алу жұмыстарын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Жаңауылдың 218 бас ірі қарасынан қан сынамалары алынып, Теректі малдәрігерлік зертханасына жолданған, нәтижесінде 6 бас ірі қарадан сарып дерті анықталды.

Хасен Зәкәрия

Күршім ауданы.

Осы айдарда

Back to top button