Қоғам

Ақтөбеден абыроймен оралды.

Ақтөбеден абыроймен оралды.


Өскемендік оқушылар Ақтөбе қаласында өткен робот техникасының фестивалінен олжалы оралды.

Осы айдың басында Ақтөбе қаласында робот техникасының республикалық фестивалі өтті. Осы фестиваль аясында «KazRobotSport-2017» республикалық чемпионаты мен «KazRobotProjekt-2017» ғылыми-техникалық жобалар конкурсының ақтық кезеңі ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген үздіктер қатысқан болатын. Зияткер жастардың зердесі сынға түскен бәсекеде Шығыс Қазақстанның намысын Өскемен қаласындағы №45 бейімделген орта мектептің оқушылары Расул Елшібаев, Бауыржан Қасымғали, Аңсар Нұрланов пен Рамазан Манап қорғады.

Олар жас техниктер станциясына қарасты «Роботтехника» үйірмесінде әуестіктерін ғылыми машыққа ұштастырып жүр. Думан Шәкердің жетекшілігімен кіші топта сынға түскен бұл төрттік аталмыш сайыстан қос медаль алып қайтты. Расул Елшібаев пен Бауыржан Қасымғали «Биатлон» аталымы бойынша І орын алса, Аңсар Нұрланов пен Рамазан Манап «Сызықпен жүру» аталымы бойынша екінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға медальмен қоса ноутбук пен планшеттер табысталған. Облыстың абыройын асырған шәкірттерді мектеп директоры Оралхан Тілеукенов бүкіл оқушылардың алдында құттықтап, алда бұдан да үлкен жетістіктерге жетуді тіледі.

Сержан Унасов, педагог-ұйымдастырушы

Осы айдарда

Білім

Ақтөбеден абыроймен оралды

Ақтөбеде өткен «Үздік тіс технигі» атты республикалық сайысқа қатысқан Өскемен стоматологиялық колледжінің студенттері табысты оралды.

Ақтөбеден абыроймен оралдыОлар бес кезеңнен тұратын сайыста өздерінің теориялық және практикалық білімдерін паш етіп, тіс протезін жасау технологиясын өте жақсы меңгергендерін көрсетті.

Сөйтіп, еліміздің 12 облысы өз үміткерлерін үкілеп қосқан сайыста өскемендік Ерік Серікбаев, Сымбат Қабылғазин және Серік Қайролданов аймағымыздың абыройын асқақтатып, командалық есепте екінші орыннан көрінді. Ерік Серікбаев жекелей сайыста да ерекшеленіп, екінші орынның биігін бағындырды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button