Білім
Астанаға жолдама алды
Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Семейдегі қазақ-түрік лицейінде қорытындыланған қазақ тілі олимпиадасында Аягөз ауданының жас таланттары алдыңғы орындарды иеленді.
«Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Жас ғалымдар» аталымдары бойынша Әйгерім Аманова, Аяулым Әділова, Еркежан Ғизатова түрлі марапаттарға ие болса, Тарбағатай орта мектебінің оқушысы Әйгерім Аманова Астана қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Шығыс-Ақпарат