Өнер
Аспалы көпірдің басында Абай әнін орындады
Алматылық виолончелист Бағжан Октябрь Семейдегі аспалы көпірдің басына шығып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің әуенін ойнады.
Бұл видеоролик облыстың туризм басқармасы мен Семейдің туризмді дамыту секторының ұйымдастырумен түсірілгенін айта кету керек.
– Ертістің екі жағасын жалғап тұрған көпірге шығып түсірілім жасау оңай бола қойған жоқ. 100 метрден артық биікке шығып, қолыма виолончелімді алғанда толқыдым. Бірақ Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әуенін ойнаған кезде маған шыны керек бір шабыт келген сияқты болды. Анау биіктік маған биік болып көрінген жоқ, суық суық болып сезілген жоқ. Сондай бір керемет әсерге бөленіп кеттім, – дейді Бағжан Октябрь.
Тасқын Болатұлы