Білім

Ашық сабақ аса қызықты өтті

Жуықта Алтыншоқы орта мектебінің жоғарғы санатты тәжірибелі ұстазы Нафиза Сабаева физика пәнінен қызықты әрі тартымды ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ аса қызықты өтті«Реактивті қозғалыс» деп аталатын сабақ барысында даңқты ғарышкерлер Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров және Т.Мұсабаев жайлы терең мағлұматтар айтылды.

Оқушылар зымыран құрылысымен таныса отырып, қолдан макеттер жасаған. М.Ораз және А.Амандықовтың «Бәйтерек-Зымыран» жұмыстарымен танысты. «Шар – Зымыран» тәжірибесін жасаған Е.Жағыпар, Е.Қанақын сынды оқушылардың еңбегі де жоғары бағаланды.

Сабақта «Kazsat-2» отандық тұңғыш жер серігі, «Бәйтерек» ғарыш зымырандарын ұшыру жөнінде де көптеген мәліметтер берілді. Бұл жастардың болашақта осы салаға деген қызығушылығын оятады.

Бейсенғазы Ұлықбек
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button