Жаңалықтар

«Асфальт жеу» шынымен тоқтады ма?

Облыс орталығындағы Мыза көшесінде жолды орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. “Сапалы жол” жобасы аясында зертханалық сынақтар нәтижесінде асфальт-бетоннан жасалған жабын қабаттарының қалыңдығы жоба сметасына сәйкес келетіні анықталды.

Бұл,  жөндеушілердің жол қабаты қалыңдығын «жеп қоймаған» алғашқы факті десек, артық айтқандық емес. Осыған дейін жол жабынын екі есеге дейін жұқа төсеген қылмыстар әшкереленген еді.

Алайда кемшіліктер де жоқ емес. Тексерушілер мердігер ұйымдарға автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін нөсер құдықтарын көтеру жұмыстарын жеделдетуді  тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  мен “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” облыстық филиалының бірлескен “Сапалы жол” жобасы облыс аумағында екінші жыл жұмыс істеп келеді және өзін оң жағынан көрсете білді.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button