Жолаушы тасымалы
Аса қауіпті алты аймақ бар
Облыс аумағында 20-23 наурыз күнжері қар көшкіні жүруі ықтимал. Сол себепті жауапты орындар таулы аймақтарға жолға шықпауды ескертеді.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері өңірімізде күн жылынып, жел күшейеді. Әдетте, мұндай ауа райында қар көшкіні жиі болады.
«Тауға саяхаттаудан бас тартыңыздар. Тас жолдардың бойында бірнеше қауіпті учаске бар. Сондықтан сапар кезінде жол бойына аялдауға болмайды», – деп жазады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өңірде аса қауіпті саналатын алты жол учаскесі бар. Олар: Өскемен-Самар, Өскемен-Алтай, Согорное-Барлық, Берел-Рахман қайнары, Зубовка-Путинцево, Лениногорск-Чекмар кеніші.