Агросектор

Арзандатылған дизель отыны бөлінді

Биыл Шығыс Қазақстандағы егістік аумағы 653 мың гектарды құрайды деп болжануда. Атап айтқанда, дәнді-бұршақты дақылдар алаңы 285 мың, майлы дақылдар алаңы 214 мың, жемшөп дақылдарының алаңы 135 мың, көкөніс алаңы 19 мың гектар болмақ.

Сондай-ақ облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінде техника көктемгі егіс жұмыстарына 98%-ға дайын. Облысқа Павлодар мұнай зауытынан бағасы 222 мың теңге (литрі 186 теңгеден) 20 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар 25 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған, бүгінгі күні 17,5 мың тоннасының қаржысы төленді.

Көктемгі егіс жұмыстары үшін 4 миллиард теңге мөлшерінде субсидия бөлу көзделген, ол қаражат тұқым алуға, тыңайтқыштар мен пестицидтердің, судың құнын арзандатуға жұмсалмақ.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін Аграрлық несие корпорациясы 8 миллиард теңгенің кредитін беруді жоспарлауда.

Облыс әкімдігі көктемгі дала жұмыстарын жанармаймен қамту мәселесі тұрақты бақылауда екенін мәлемдеп отыр.

Ержан Кеңесұлы

 

Осы айдарда

Back to top button