Экономика

Арзан азық-түлік алты автокөлікпен тасымалданады

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдерін сатуды жеделдету мақсатында алты автокөлік сатып алды. Бұл автокөліктердің үшеуі Семей қаласына және үшеуі облыс орталығына бөлінді. Кеше Өскемендегі Республика алаңында автокөліктердің кілтін салтанатты түрде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ тапсырды.

Арзан азық-түлік алты автокөлікпен тасымалданадыБағдарламаның операторы «Шығыс Самғау» ЖШС енді өз автокөліктерімен белгіленген сауда нүктелері мен халық көп шоғырланған елді мекендерге жылдам әрі еш қиындықсыз жететін болды. Естеріңізге сала кетейік, халықты арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында былтыр облысымыздың тұрақтандыру қорына бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінген болатын.

Бұл қаржыға күріш, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы және көкөніс сияқты күнделікті тұтынылатын азық-түлік сатып алынып, бүгінде халыққа ешқандай көлденең құнсыз арзан бағамен ұсынылуда.

Су жаңа алты автокөлік енді қоймадағы азық-түлікті Өскемен мен Семейдегі арнайы сауда нүктелеріне және алыстағы ауылдарға таситын болады.

– Біздің негізгі мақсатымыз – халықты ешқандай делдалсыз сатылатын, арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету. «Ертіс» ӘКК бүгінде Өскемен және Семей қалаларында 100-ден астам сауда нүктелерін ашып, тұрақтандыру қорында сақталған азық-түлікті халыққа арзан бағамен ұсынуда. Тек арнайы сауда нүктелерінде ғана емес, халық мол шоғырланған көпқабатты үйлердің аулаларында да арзан азық-түлік сатуымыз керек. Үш көкөніс қоймасында сақтап отырған көкөніс өнімдері маусым айына дейін жетеді, яғни біз жазға дейін халыққа тұрақты бағамен көкөніс ұсына аламыз, ал бакалея қыркүйек айына дейін жетеді деп жоспарлануда, – деді облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ.

Сонымен қатар «Ертіс» ӘКК Өскемен және Семей қалаларында жәрмеңкелер өткізуде. Тұрғындар жиі ұйымдастырылып тұратын жәрмеңкелерден картоп, сәбіз, қырыққабат, сарымсақ, қызылша және басқа да көкөніс өнімдерін 45 теңгеден сатып алып жатыр. Көктемге қарсы ауыл-шаруашылығы өнімдерінің, оның ішін-де көкөніс бағасының шарықтап кететіні белгілі. Тұрақтандыру қорының қолға алған бұл жұмысы осы мәселені толықтай шешті. Себебі, баға ауыздықталып, тұрғындар өздеріне қажетті азық-түлікті көңілге қонымды бағамен сатып алуда. Сонымен қатар «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сиыр етінің бағасын тұрғындарға 1000 теңгеден ұсынуда. Облыс тұрғындары мұндай бағамен сатылатын етті Өскемен-дегі «Жәрдем» муниципалдық базарында-ғы әлеуметтік нүктелерден сатып ала алады.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button