Жемқорлықпен күресЗаң талабы

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының сот процесі аяқталды.

Сот аталмыш істің барлық қатысушыларына үкімді жариялады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 28-бабының үшінші бөлігінде (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабының төртінші бөлігінің екінші тармағында (жымқыру немесе жымқыру, яғни аса ірі мөлшерде кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау) көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сонымен қатар “ҚР Еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағынан, “Құрмет” орденінен, сондай-ақ “Парасат”орденінен айырылды.

Айта кетейік, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы орынбасары Алмаз Нұразхан және тағы екі айыпталушы Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасовамен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесіне бөлінген 221 миллионнан астам қаржыны жымқырды деген айыппен қамауға алынған болатын. Сот барлық қатысушыларға қатысты үкім шығарды.

Осы айдарда

Back to top button