Қарлығаш түшпара цехын ашты
Қарлығаш Закирова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңге несие алып, Самар ауылында түшпара цехын ашқан. Бүгінде оның әзірлеген түшпаралары көпшіліктің сұранысына ие. Дәмі де тіл үйіреді.
Қарлығаш Закированың негізгі маманды ғы – аспазшы. Семейдегі политехникалық техникумды тәмамдағаннан кейін Самар ауылының орталық асханасында жұмыс істеген. Кейіннен осы асхананың меңгерушісі болып қызмет еткен. Асхана жабылып, жұмыссыз қал ған ол мемлекеттік ба ғдарлама аясында ал ған несиесіне ауылда ғы бос тұр ған ғимаратты жөндеп алады. Түшпара цехын ашуды көздеген аспазшы Ресей мен Өскеменнен түшпара түюге керекті құрыл ғылардың бәрін жеткізген. Ет пен ұнды жергілікті шаруа қожалықтарынан сатып алады.
– Цехқа қажетті тоңазытқыш, тартыл ған етті араластыратын құрыл ғы, ұн илейтін аппараттар сатып алдым. Үстелдерді тапсырыс беріп жасаттым, – дейді кәсіпкер өз сөзінде.
Жаңадан бастал ған кәсібін дөңгелету үшін төрт жұмыс орнын ашып, көршілерін еңбек етуге шақырады. Ай сайын жалақыларын кешіктірмей төлеп, белгілі пайызда ғы ақшасын зейнетақы қорына аударып отырады. Жайнагүл, Бұлбұл, Лунара, Жаућар есімді түшпара түюшілер жоспар ға сай күніне қырық келі түшпара жасауы керек екен. Бұл жұмысқа қолдың ептілігі мен шапшаңды ғы да қажет. Қарлы ғаш Закированың рецепті бойынша түйілген түшпара ға сұраныс өте көп. Түшпаралар Самар ауылының дүкендерінде ғана емес, Көкпектіде де сатылады. Самар то ғыз жолдың торабында тұр ғандықтан, әрі-бері өткен жолаушылар да арнайы келіп, «Қарлы ғаш апайдың түшпаралары» деп сатып алып жататын көрінеді. Қарлы ғаш Закированың айтуынша, түшпараларды жәрмеңкелерге де шы ғарып сатады. Ба ғасы да аса қымбат емес. Қаптама ға тұтынушының қалауы бойынша 300, 500, 1000 грамдап қаптап береді.
– Жоспарлар көп. Үйде бос отыр ғанша өз кәсібіңді ашып, жұмыс істегенге не жетсін?! Ауылдықтардың да ал ғысына бөленіп жатырмыз. Ал келелі істі кеңейту келешектің еншісінде, – дейді кәсіпкер Қарлы ғаш Закирова.
Қарлы ғаш Закирова аспазшы ғана емес, сондай-ақ, «Асыл қазына» атты әжелер ансамблінің мүшесі. Үйдің қожайыны Тұрсынхан Закиров несие серіктестігінде жұмыс істейді. Үш бала тәрбиелеп өсірді. Үшеуі де өмірден өз орындарын тауып, түрлі мамандық иелері атанып отыр.
Мерей Қайнарұлы