Мәдениет

Ардагерлеріне құрмет көрсетті

Ардагерлеріне құрмет көрсетті


Тұңғыш Президент күніне және кәсіби мерекелеріне орай Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында қадағалау органы ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Аталған іс-шараға елуден астам ардагер қатысты. Олар ұзақ жылдар прокуратура органдарында адал қызмет еткен, әрбіреуі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға айтарлықтай үлес қосқан ардақты жандар.

Шақырылған қонақтар алдында сөз алған облыс прокуроры Құсайын Игембаев ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, олардың прокуратура органдарында көптеген жылдар бойы сіңірген еңбектері үшін алғыс білдіріп, мықты денсаулық тіледі.

Сонымен бірге, облыс прокуроры ұрпақтар сабақтастығына тоқталып, ардагерлердің жас буынмен өзара қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

– Жақында біз «Прокурорлық шеберлік мектебін» аштық. Ардагерлер кеңесі де оқыту процесіне белсенді қатысса дейміз. Сіздердің тәжірибелеріңіз мол, өмірлік ұстанымдарыңыз мықты. Сіздердің баға жетпес шеберліктеріңіз, ізгілік қағидаларыңыз, еңбектегі жетістіктеріңіз бүгінгі жастарға жаңа биіктіктерден көрінуге көмектеседі, – деді облыс прокуроры Құсайын Игембаев.

Бұдан басқа облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерғали Мабиев және облыс прокурорының орынбасары Алан Тленчиев қадағалау органында жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды. Олар электронды қылмыстық істер мен колониялардағы кәсіпкерлік туралы баяндады.

Ал, ардагерлер жастарға тілек айтып, прокуратура басшылығының «Прокурорлық шеберлік мектебінде» дәріс беру ұсынысын қарастыратындықтарын және оқу-әдістемелік құрал әзірлеуге көмектесетіндіктерін жеткізді. Салтанатты іс-шараның соңында ардагерлерге дастархан жайылып, естелік сыйлықтар тапсырылды.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button