Сайлау-2023

Аманжолов университетінің студенті алғаш рет дауыс берді

Тарбағатай ауданында дауыс берушілердің қатарында жастар да аз емес. Солардың бірі – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі заң факультетінің студенті, Ақжар ауылының тұрғыны Саят Еркінов.

Бозбала ел болашағына бейжай қарамайтынын танытып, сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет дауысын берді.
– «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті, жас дауыс берушімізді құттықтап, сыйлық табыстадық, -дейді Мәдениет үйінде орналасқан №906 сайлау учаскесіндегі сайлау комиссиясының төрағасы Болат Құсайынов.

Ерлан Бапанов
Тарбағатай ауданы

Осы айдарда

Back to top button