«Аманаттықтар» реформаларды қолдайды
АMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметовтің төрағалығымен онлайн форматта партия активінің отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы, AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың міндеттерін іске асыру мәселесі қаралды.
– Біз бәсекеге қабілетті болуға, көзқарастары мен сенімдері сан алуан болса да азаматтық қоғамды топтастыруға тиіспіз. Бізге Қазақстан дамуының жаңа моделі керек. Осыған байланысты Президент саяси жүйені жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Аталған құжатты әзірлеуде Конституциялық кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғарғы сот, Мәжіліс депутаттары, беделді сарапшылар ұсынымдары назарға алынды. Президент айтқандай, өзгерісті әркім өзінен бастауы қажет. Біз жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін қайта жаңғыртуымыз керек, – деді Даниал Ахметов.
Жиынға қатысқан партия активі мүшелері Жолдаудағы бастамаларды қолдайтындарын, ел игілігіне арналған реформаларды сапалы жүзеге асуыруға үлес қосатындарын жеткізді.
Президент жариялаған саяси реформаларды жүзеге асыруда мәслихат депутаттарының рөлі басым болмақ.