Оқиғалар

Алтын өндіретін заңсыз цех табылды

Зырян ауданының прокуратурасы тексеру кезінде кен қоспасынан бағалы металды қайта өндірумен айналысатын цехтың жұмысын әшкереледі.

Алтын өндіретін заңсыз цех табылды– Қаладан бір шақырымдай жердегі бұрынғы қорғасын-мырыш комбинатының өндіріс қалдықтары сақталған аумақта бағалы металл, оның ішінде алтынды қайта өндірумен айналысқан төрт адам және жұмысты ұйымдастырушы ұсталды, – дейді облыстық прокуратура мамандары.

Қазір осы деректерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Мемлекетке келген шығынды анықтау мақсатында сараптамалық жұмыстар қолға алынған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button