БілімЖаңалықтар

«Алтын белгі» иегерлері анықталды – ШҚО

Түлектерге дәстүрлі түрде жыл сайын беріліп келе жатқан «Алтын белгі» марапаты біздегі білімнің барометрі іспетті. Бұл марапатты мектеп қабырғасында оқушының алған білімі мен ұстаздың берген тәлімінің бір өлшемі деуге болады.

Шығыс Қазақстанның биылғы «Алтын белгі» иегерлері анықталды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Осы жылы Шығыс Қазақстан облысында 12603 оқушы мектеп қабырғасымен қоштасып отыр. Олардың арасында білімде озат шыққан 275 оқушы «Алтын белгі» иегері атанған.

– Биылғы 11-сынып оқушыларының бітіру кештерін өткізуге байланысты шектеулер жоқ. Әр мектеп мерекені қалай өткізу керектігін өздері шешеді. Аттестаттарды тапсыру рәсімі 22 маусымда аяқталады. Ал мектеп бітіру кештері шілде айының басына дейін жалғасады, – деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Ендігі кезекте мектеппен қоштасқан түлекетер білім кемесіне мініп, болашақ армандарына аттанбақ. Алайда  биыл арман қуып алты құрлықты аралап кететін түлектердің саны аз көрінеді. Өйткені көпшілігі еліміздің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындарын таңдап отырғаны анық болған.

– Биылғы 11-сынып түлектерінің 70%-дан астамы республиканың жоғары оқу орындарына түсетіні белгілі, ал 9-сынып түлектерінің 46%-ы колледждерде оқуын жалғастырады, – білім басқармасының өкілі.

Білім алып, білікті маман болып шығамын деген адамға елімізде сапалы оқу орындары баршылық. Бұл тұрғыдан білім басқармалары да нәтижелі жұмыс істеп «Білікті маман» жобасын жүзеге асырып келе жатқандығы көпшілікке мәлім. Сондықтан да еліміздің кез келген өңіріндегі оқу орындарынан тегін білім алу тетігі бар екендігін білген жөн. Болашақ білім баспалдағына қадам басқан түлектерге сәттілік тілейміз.

Осы айдарда

Back to top button