Кәсіпкерлік

Алты ай уақыт берілді

Айна ЕСКЕНҚЫЗЫ 

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір топ кәсіпкердің өзекті мәселесін анықтады. Атап айтқанда, 99 кәсіпкер өз бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін 2021 жылы қайтарымсыз грант алған-ды. Биыл «Даму қоры» АҚ олардың қызметіне тексеру жүргізіп, 33 жоба толықтай жүзеге аспады деген қорытындыға келді. Бірақ кейбір жобалар кәсіпкердің қатысуынсыз зерделенген.

Облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының комиссиясы осы аудиторлық қорытындыны негізге ала отырып, жалпы сомасы 159 млн теңге болатын гранттарды 33 кәсіпкердің толықтай қайтаруы туралы шешім шығарды.

Кәсіпкерлер «Даму қоры» АҚ аудиторының тексеру қорытындысымен және грант бөлу комиссиясының шешімдеріне келіспеушілік танытып, анықталған кемшіліктерді жою үшін қосымша уақыт қажет екенін алға тартып отыр.

Департаменттің ұсынысы бойынша кәсіпкерлерге бизнес-жобаларды толықтай жүзеге асыру үшін қосымша алты ай уақыт берілді.

 

 

Осы айдарда

Back to top button