Білім

Алтайға педагогтар қажет

Азамат Темірбеков

Алтай ауданының орта білім ордаларына бастауыш сынып, тіл және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мұғалімдері қажет.

Бұл туралы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында айтылды. Шараның бастамашысы Алтай ауданының әкімдігі болды. Жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова мен білім бөлімінің басшысы,  мектеп директорлары қатысты.

Бүгінгі күні Алтай ауданында 37 жалпы білім беретін мектеп, он мектепке дейінгі мекеме, екі музыка мектебі және жас натуралистер станциясының жұмыс істеп тұрғанын айтқан аудан әкімінің орынбасары,  өңірде педагогтарға деген сұраныс өте жоғары екенін жеткізді. Атап айтсақ, қазір аудан аумағындағы орта білім ордаларына бастауыш сынып, тіл және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің мұғалімдері қажет.

Жәрмеңкеде университет түлектері бос жұмыс орындары туралы біліп қана қоймай, мектеп директорларына  сұрақ қойды. Іс-шара соңында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің директорлары түлектермен  жұмысқа орналасу, жас мамандарды қызықтыратын мәселелер, оның ішінде әлеуметтік пакетті ұйымдастыру, мансаптық мүмкіндіктер және басқа да мәселелер бойынша әңгімелесті.

Осы айдарда

Back to top button