Қоғам

Алтай тауларында қанша қар барысы бар?

Алтай тауларында қанша қар барысы бар?

Алтай тауларында қар барысы әлі де тіршілік етеді екен. Мұны Катонқарағай табиғи қорығының аумағында орнатылған фото және бейнебақылау камералары анықтады.
«Snow Leopard Fund» қоғамдық қорының директоры Олег Логиновтың айтуынша, ілбісті фотокамералар Таулы Алтайдың Чихачев жотасында, моңғол шекарасына таяу жерде түсірген.
– Фотоқақпандарға түскен әрбір хайуанды денесіндегі жолақтары арқылы ажыратып, олардың санын анықтауға болады. Катонқарағай қорығының инспекторлары қақпанмен жұмыс істеудің алғашқы семинарын өткізді. Жақында «Қарлы барыс өмірінің фотокезеңдері» атты байқауға да қатысады, – дейді О.Логинов.
Бұған дейін инспекторлар қар барысын тек іздері арқылы анықтап отырған. Енді арнайы сатып алынған 22 қондырғы жабайы аңдарды еш қиындықсыз бақылайды. Қор директорының айтуынша, мұндай камералар қар барысының жынысы мен жасын да анықтауға мүмкіндік береді.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button