Жаңалықтар

Алтай ауданының жолдарына 500 миллион теңге бөлінді

ШҚО-ның Алтай ауданында биыл инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Алтай ауданындағы жолдарды ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына 503 миллион теңге қарастырылған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Аудан  әкімінің орынбасары Жанна Асқарованың айтуынша, жол жөндеу жұмыстары қазір басталып қойыпты және жоспар бойынша 30 тамызға дейін толық аяқталуға тиіс.

– Биыл ауданымызда инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Мәселен,  75 жобаны іске асыруға 6,2 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Малеевск және Путинцево ауылдарында сумен жабдықтау желілерін салу бойынша екі инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін 950 миллион теңге қарастырылды. 11 ауылда 89 миллион теңгеге сумен жабдықтау нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, – дейді Жанна Асқарова.

Одан бөлек, осы жылы 8 ауылда, Алтай және Серебрянск қалаларында балалар мен спорт алаңдарын жабдықтау және абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Осы айдарда

Back to top button