Қоғам

Алтай ауданындағы перзентхананы абаттандырды

Осы жылдан бастап аудандық презентхана медиктерінің алдында өте жауапты міндет тұр – күрделі жағдайларда сол жерде көмек көрсету. Бұған дейін сырқаты ауыр  әйелдерді Өскеменге тасымалдауға тура келетін.

Құрал-жабдықтары жетіспеген және қажетті жағдайлары жоқ перзентхананың ескі ғимараты дәрігерлерге жағдайы қиын әйелдерді босандыруға да, шала туған балаларды күтуге де мүмкіндік бермейтін.

–Жыл сайын сексеннен астам әйелді облыс орталығына жөнелтетінбіз, – дейді Алтай ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Владимир Коробкин. – Сондай-ақ Катонқарғай және Күршім аудандарының жүкті әйелдеріне де Өскеменге дейін баруға тура келетін, тасымалдау бес-алты сағат уақытты алатын.

2019 жылдың көктемінде жағдайды өзгерту шешімі қабылданды: ғимараттың күрделі жөндеуі басталды және жаңа медициналық құрал-жабдықтарды орнату жоспарланды. Жаңа жылдың қарсаңында жұмыстар аяқталды.

–Енді перзентхана ең жоғары талаптарға сәйкес келеді, – дейді Владимир Коробкин. – Орынжайлар әдемі және заманауи болып қалды. Бізді алаңдатқан жалғыз жағдай – бұл жиһаздың жоқтығы, онсыз аурухана жұмысы мүмкін емес-тін. Біздегі бар жиһаз жарамсыз болған, ал жаңасына қаражат қарастырылмаған-ды.

Емдеу мекемесіне көмекке «Казцинк» келді, компания дәрігерлер қажеттілігі үшін он жеті миллионнан астам теңге бөлді. Бұл сомаға медициналық шкафтар мен реанимациялық арбалар, шала туған нәрестелерді күтуге арналған кувездер және процедуралық үстелдер сатып алынды, сонымен қатар палаталар жиһазбен толық жабдықталды.

Жаңартылған перзентхана ауданаралық мәртебе иеленді, енді ауыр науқастарға жәрдем етуге құқылы.

– Бұл үшін бізде ресурстар бар, «Казцинктің» қолдауымен медиктер Ұлыбритания мен Литваның үздік клиникаларында өз біліктіліктерін арттырды, – деп атап көрсетті перзентхананың бас дәрігері Шәміл Назыров.

Анна Иванова

Осы айдарда

Back to top button