Аймақтар аухалы

Алтайға Абай көрік беріп тұр

Алтай ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасына Абай Құнанбайұлының үлкен портреті салынды.
Катонқарағайлық суретшілер Амангелді Исабеков пен Қуаныш Әділбек Абайдың бейнесін ерекше тәсілмен көпқабатты ғимараттың қабырғасына салып шықты.
Сондай-ақ Каюпов және Горький көшелерінің қиылысында қаланың аты жазылған конструкция пайда болды. Жобаға сәйкес, айналаға ою-өрнек бейнесінде жарық шамдар қойылып, тротуарлар мен көгалдар абаттандырылды.
Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай жасалған стрит-арт-нысан Алтай қаласының «төлқұжатына» айналуы мүмкін. Өйткені, жергілікті халық қазірдің өзінде туындыны жоғары бағалап, суретке түсіп жатқан көрінеді.
– Бұл біздің қаламыздың қонақжайлығын көрсетеді. Оның үстіне Алтайдың өзіне ғана тән ерекше бір белгісінің болғаны тамаша ғой. Мен сельфиге түсіп, достарыма жіберіп үлгердім, – дейді қала тұрғыны Айгүл Смайылова.

Ал қылқалам шебері Қуаныш Әділбектің ойынша, стрит-арт стиліндегі мұндай суретті Катонқарағайдағы бір ғимаратқа да салуға болады.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button