Оқиғалар
Қалтаға түскіш ұрыны ұстады
Семей қаласының полиция қызметкерлері қалтаға түскіш ұрыны құрықтады.
Бұл қылмыскердің қолынан екі адам жапа шегіпті. Атап айтқанда, ұры маршруттық автобусқа мінген бойжеткеннің қалтасынан ішінде жеке бас куәлігі мен төлем карточкасы болған әмиянды ұрлаған. Артынша қылмыскер карточкадағы 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны банкоматтан шешіп, қолды қылған.
Тағы бір қыздың сөмкесіне түскен ұры бағасы 70 мың теңге тұратын ұялы телефонды жымқырып әкеткен. Бұл екі қылмыс бір ай көлемінде тіркелген екен.
Тәртіп сақшыларымен ұйымдастырылған жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 40 жастағы Шар қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Шығыс-Ақпарат