Білім

Алпыстан ассаңыз да студент атана аласыз

Енді зейнеткерлік жасқа толған тұрғындар үшін студенттік ортаға еніп, оқу курстарына ақысыз негізде қатысу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жайлы Amanzholov University баспасөз қызметі мәлім етті.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Күміс университет» жобасы жұмыс істейді, оның басты мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру, егде жастағы халықтың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.

Енді шығысқазақстандық аға буын өкілдерінде студенттік атмосфераға енуге және күндізгі сабақтарға қатысуға мүмкіндік пайда болды. Ендеше, қатысамын деушілерге келесі топтарға жазылуға болады: IT-сауаттылық, шет тілдері, қаржылық сауаттылық, емдік және сауықтыру денешынықтыруы, кәсіпкерлік негіздері, Абай мұрасы, өлкетану, егде жастағы психология және эмоционалдық денсаулық, мемуарлар жазу техникасы.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында «Күміс университет» жобасын жүзеге асыру аясында курстарды 92 адам аяқтаған және алдағы қыркүйек айына университеттің 37 жұмыс істемейтін зейнеткері студент атануға өтініш беріп отыр.

Егде жастағы кез келген азамат білім беру процесіне қатыса алады. Сабақтар аптасына 3-5 рет өткізіледі, ал бір сабақтың ұзақтығы 1 академиялық сағатты құрайды. Бір оқу курсы екі айдан аспайды.

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының байланыстары: 8(7232) 25-22-84, 87478271419, 87055092111, 87087569071. Эл.пошта: resurscentr207@mail.ru

Дәурен Аллабергенұлы

 

 

Осы айдарда

Back to top button