Оқиғалар

Альпиниадаға қатысушыға көмек көрсетті

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Катон-2014» альпиниадасына қатысып, тауға шығып бара жатқан ер адамның өмірін құтқарып қалған.

Альпиниадаға қатысушыға көмек көрсетті70-тен астам адам Катонқарағай өңіріндегі таулы жерлерге сапар шеккен. Ал құтқарушылар бағыт алған жолаушылардың жағдайы мен көшкін түсу қаупін қадағалап отырыпты. Тауға шықпас бұрын әрбіреуін медициналық тексеруден өткізген.

– Альпиниадаға қатысушылардың бірі хабарласып, бір адамның жағдайы нашар екенін айтқан. Құтқарушылар оны кешенді лагерьге әкеліп, алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен. Алайда, жағдайы өте нашар болған, – дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың айтуынша, науқас жиі-жиі есінен танып қалыпты. Оны Катонқарағайдағы ауруханаға дейін жеткізу мүмкін емес еді. Сондықтан медицина қызметкерлері тікұшақпен келіп, дәрігерлік орталыққа апарды.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button